Мақсаты: "Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы-тіл "деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазының мұраларын оқушы бойына сіңіру, тереңіне бойлату.
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Сугурбаева 8"Б" сыныбына қазақ әдебиеті пәні сабағында "Байбөрі баласы Бамсы Байрақ"тақырыбында ашық сабақ өтті.Мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жасанды интеллект платформасын пайдаланып, туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттырды. 8"Ә" сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Бердірахманова қазақ әдебиеті пәні сабағында "Қорқыттың нақыл сөздері" тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқушыларға қызықты тапсырмалар мен топтық жұмыстар ұсынылды.Орыс сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін пән мұғалімі А.Аңламасова 9"Б" сынып оқушыларына "Елдік пен ерліктің ескерткіші" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар қазақ тілінің тарихы мен болашағы жайлы кеңінен түсіндіріп,қызықты тапсырмалар мен топтық жұмыстар берілді.
"Мемлекеттік тілді білу парызымыз" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында сыныптан тыс іш-шара өтілді.Оқушылар қазақ тілінің қоғамдағы орны мен маңызы туралы ой қозғап,тілге деген құрметін көрсете білді.