Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» апталығы аясында бірқатар танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өтті.
5–7-сынып оқушыларының қатысуымен «Сөз құдіреті» тақырыбында сайыс ұйымдастырылып, оқушылар көркем сөз оқу, шешендік өнер және тіл байлығын тиімді қолдану бағытында өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
9–11-сынып білім алушыларымен «Цифрлық дәуірдегі тіл тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мен пән мұғалімдері қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы орны, цифрлық технологиялардың ана тіліне әсері жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты.
Орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін пән мұғалімі Г. Арынова 7-сынып оқушыларымен «Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқушыларға шығарманың идеялық мазмұнын түсіндіруді, ұлттық құндылықтарды бағалауды, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеуді мақсат тұтқан сабақ жоғары бағаланды. Мұғалім заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың сыни ойлау, сөйлеу, талдау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық берді.
Пән мұғалімі Ж. Бұрханованың ашық сабағында да оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, тақырып аясында пікір білдіріп, өз көзқарастарын ортаға салды.