Түркістан облысы, Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 13.02.2023-17.02.2023 ж. аралығында өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі апталығы ашылды. Апталыққа "Тіл - кемел болашақ кепілі " деген қанатты сөз тақырып етіп алынған. Оқушыларға өз ана тілінің қадір - қасиетін, тілдің әуезділігін, көркемдігін сезіндіріп, сөз құдіретін түсіндіруді, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыруды мақсат еткен апталықта түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр.