Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы ЖББМ жобасының жұмысын жандандыру мақсатында мектеп фойесінде және сынып бөлмелерінде оқушыларға "Терроризмге жол жоқ" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жастарға терроризмнің қаншалықты қауіпті екендігін, сананы улайтын сансыз теріс ағымдардың соңынан кетпеу керектігін сақтандырып ескерту. Бүгінгі таңда терроризм бүкіл дүниежүзін алаңдатып отырған ең қауіпті, ең күрделі, сондай - ақ, аса жоғарғы қарқынмен өршіп келе жатқан қоғамдық қауіпті құбылыс. Сонымен қатар күмәнді сайттарға кірмеу керектігі ескертілді.