Түркістан обысы, Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 11.04.2023ж күні оқушыларды театр әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру, балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында педагог-ұйымдастырушы З. Тилеубердиеваның ұйымдастыруымен "Театрдың ғажайып әлемі" атты байқау болып өтті. Байқау "Драмалық спектакль", "Әдеби музыкалық композиция", "Қуыршақ қойылымы" номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
Театр- бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Келешек ұрпағымыздың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой-өрісін, ақыл-парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді. Оқушылардың сынып жетекшілерімен тығыз байланыста болып, бірлесе отырып, жоғарғы деңгейде ізденіп, дайындалғандары көрінді, өздерін жаңа қырынан таныта білді.
Әділқазылар алқасы,тәжірибелі ұстаздарымыз Г. Нарымбетова, Л. Оңалбаева, М.Түршекова апайларымыздың шешімі бойынша Бас жүлде 10"Ә" сынып оқушылары жетекшісі Ә.Асқарова, І орын 9 "Ә" сыныбы жетекшісі А. Сайманова, ІІ орын 10 "А" сыныбы жетекшісі А.Рахманова, ІІІ орын 9 "В" сыныбы жетекшісі Э.Цой, "Көрермендер көзайымы" номинациясымен 9 "Б" сыныбы марапатталды жетекшісі М.Оразкулова .
Бас жүлде иеленген 10"Ә" сыныбының оқушылары мен жетекшісіне сәттілік тілеп, аудандық байқауда мектебіміздің атын шығарады деп сенеміз.
Бүгінгі байқауға атсалысқан барша әріптестеріме рақмет