Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
«Елімізді көгалдандыру, абаттандыру - мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл - бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл - жалпыұлттық мәселе». Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев осылай деген еді.
Қоршаған ортаны таза ұстау - әр адамзаттың міндеті. Президент пәрменімен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Түркістан облысының білім басқармасы да өңір жұртшылығымен бірлесе, белсене атсалысып жатыр. Әрбір ауыл/қала аймағында тазалықты насихаттайтын түрлі іс - шаралар мен экологиялық акциялар үздіксіз өткізілуде.
Мақсат - халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімді ояту, туған өлкені абаттандырып, гүлдендіруге үлес қосу. Жаһандық экологияға үн қату, оны барынша насихаттау елдің ертеңгі болашағы үшін маңызды істің бірі.
Ендеше, барлық азаматтарды өңірдегі тазалықты сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Болашақ ұрпақ үшін табиғатты бірге сақтайық!