Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп 13.12.2024ж «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің кіші қызметкерлері мектеп ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді. «Таза Қазақстан» жобасының мақсаты — еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды қайта өңдеу және табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаға зиян келтіруді азайту. Бұл бастама қоқыс шығару мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім беру және Қазақстан азаматтарының экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.