Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ - де "Таза Қазақстан" акциясын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылдың 21 ақпан күні мектеп айналасына тазалық жұмысы жүргізілді. Акцияның мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстау және туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Таза Қазақстан - салауатты қоғамның кепілі!