Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес, 6 "А" сынып оқушылары және сынып жетекшісі З.Аманкулова Шардара қаласындағы тарихи музейге танымдық саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар музейдегі құнды жәдігерлермен, өлкеміздің тарихымен және ата - бабаларымыздың мәдени мұрасымен танысты. Олар ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи кезеңдерден сыр шертетін экспонаттарды қызығушылықпен тамашалап, өлкеміздің өткені туралы тың ақпарат алды. Саяхаттың басты мақсаты - оқушылардың тарихи танымын кеңейту, олардың туған жерге деген құрметін арттыру және болашақ мамандық таңдауына ықпал ету. Музей қызметкерлері оқушыларға әрбір жәдігердің тарихын кеңінен түсіндіріп, қызықты деректермен бөлісті. Оқушылар экскурсиядан ерекше әсер алып, тарихи мұраларға деген қызығушылықтарының артқанын атап өтті. Мұндай іс - шаралар өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, олардың болашақтағы кәсіби бағытын айқындауға көмектесетіні сөзсіз.