Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіз елдің ұланы» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып өтті.
Үздік оқушыларымызды еліміздің нағыз патриоты, еңбекқор білімге құштар, қайсар етіп тәрбиелеуде бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Іс - шара барысында дарынды оқушыларымыз «Бір ел болса» әнін Дүйсенбекұлы Амир мен Баратбай Ерсін, «Тәуелсіз елдің қызымын» атты әнімен Жаңбырбай Еркеназ, «Біз бақытты баламыз» әнін Есенбек Айзере, Мұхтар Аяулым мен Бахытқызы Айару «Желтоқсан желі» әнін нақышына келтіре орындады. Іс - шара жоғары деңгейде атап өтілді.