Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 13.12.2024ж күні «Тәуелсіз елдің ұландары» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып өтті.
Үздік оқушыларымызды еліміздің нағыз патриоты, еңбекқор, білімге құштар, қайсар етіп тәрбиелеуде бірыңғай «Жас ұлан» мен «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі болды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Е.Д.Акбердиев ашып, Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байқоңырова Айгүл Ахметқызы оқушыларға деген тілек сөздерімен жалғасын тауып, іс - шараларға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттады. Іс - шара барысында дарынды оқушыларымыз «Көк тудың желбірегені» әнін Ержігіт Раяна, «Тәуелсіз ел ұраны» атты әнін Маратұлы Мадияр нақышына келтіре орындады.
Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылып, би билеп, көрініс көрсетілді.
Салтанатты жиын жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.