Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат»Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай оқушыларға патриоттық сезімдерін ояатып, өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 11.12.2025ж күні «Тәуелсіз елдің ұландары» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып өтті.
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынды мектеп директоры Н. Т.Сариев ашып,оқушыларды еліміздің басты мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ол Тәуелсіздіктің мәні мен маңызына тоқталып, жас ұрпақтың ел болашағы үшін жауапкершілікпен білім алып, Отанға адал қызмет ету керек екенін атап өтті.
Сонымен қатар, бүгін «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына жаңадан қабылданған оқушыларды ерекше мақтанышпен құттықтады. «Жасұлан» қатарына қосылу — тәртіптілік, елжандылық және еңбекқорлықты танытатын үлкен мәртебе екенін айтып, жасұландықтарға
білім жолында биік белестерді бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына өз үлестерін қосуға шақырды.
Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық әндер айтылып, өлеңдер оқылып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Салтанатты жиын жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.