Шардара аудандық білім бөлімінің 10.12.2025 жылғы № 825 хатына сәйкес кәмелетке толмағандарға "Заң және тәртіп" қағидатын негізге ала отырып 11 желсоқсанда Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Тәртіп – тұлға таңдауына бастар жол» атты тренинг өткізілді.
Тренингті мектептің педагог-психологтары Лайла Қалиева мен Нұргүл Халмуратова 10-сынып оқушыларымен жүргізді.
Іс-шараның басында Б.Соқпақбаев ЖББМ-нің ДТІЖО Нұрболат Ділдабек оқушыларға «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп, құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың заңға және мектеп ережелеріне деген жауапкершілігін арттыру, тәртіптің тұлға қалыптастырудағы рөлін түсіндіру болды.
Тренинг барысында оқушылар:
«Сен үшін тәртіп деген не?» сұрағы арқылы өз ойларын бөлісіп, тәртіп туралы түсінігін айтты;
«Тәртіпсіздік салдары» атты топтық жұмысқа қатысып, мектептен рұқсатсыз кету, бөтен адамның нұсқауын орындау сияқты жағдаяттарды талдады;
«Менің таңдауым» жаттығуы арқылы нақты құқықтық жағдаяттарға (сабақтан қашу, жеке деректерді беру, кибербуллинг, түнгі уақытта жүру, ұрлыққа итермелеу) дұрыс шешім қабылдау жолдарын ойластырды;
Заң бұзушылықтың қандай түрлері орын алатынын және өз құқықтарын қалай қорғай алатынын талқылады;
«Менің таңдауым – менің жауапкершілігім» бөлімінде дұрыс және бұрыс жолды салыстырып, өз таңдауларының себебін түсіндірді.
Оқушыларға «Заң және тәртіп сақтаудағы менің үлесім» атты бейнеролик көрсетіліп, әр оқушы жеке «Өз ережесін» құрастырып, болашақтағы жауапты азамат ретіндегі өзінің көзқарасын білдірді.