Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 25-қыркүйек күні «ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени –ағартушылық жобасы аясында І тоқсан «Ақындар айтысы» бөлімі бойынша «Тілім- тұмарым» тақырыбында оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, жас ақындар өнерін дамыту мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында айтыс өнерін музыка пәні мұғалімі Камила Үмішпайқызы ұйымдастырып өткізді.
Оқушылар айтыс өнерінің «Қыз бен жігіт» айтысы «Қайым айтыс» түрінде бақтарын сынады. Сөз шеберлігін көрсете біліп, көпшілікті риза етті.