Айнұр Жарқынбекқызы 1 «Ә» сыныбында әліппе сабағынан «Зз дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Жаңа үйренген дыбыстарды анықтауды, оларды буынға бөліп оқуды, тұтас оқу, мәнерлеп оқуға бейімдеу арқылы үйретті. «Буынды тап, сөз құра», «Тікұшақпен ұшу», « Маймылға банан жеуге көмектес» ойынын ойнатты.
Гауһар Құттыбекқызы 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Менің туыстарым» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Сөздерді тап» ойыны, «Нысана» әдісі, «Менің туыстарым» рулеткасын қолданып, оқушылардың өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқуға, дауыс ырғағын сақтап оқуға үйретті.