Түркістан облысы.Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы
Сіздерді – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, жүрек жылуын аямайтын, шәкіртке өмірлік бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға.
Бала жүрегіне білім нәрін сеуіп, адалдыққа, адамгершілікке баулыған еңбектеріңіз әрқашан жемісті болсын.
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!