Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп асханасы тексерілді.
Сапалық тамақтану мониторинг комиссиясы санитарлық нормаларды сақтау мақсатында және бекітілген ас мәзірінің дұрыстығын және нормаға сай екендігін, асхананың тазалығын, көкөністердің сақталу орнын білу мақсатында тексеріс жүргізді. Тексерістің нәтижесінде тамақтану режимі сақталған, апталық ас мәзірі мен күнделікті ас мәзірінде ауытқушылықтар байқалмады. Күнделікті ас дайындау технологиясы талапқа сай, арнайы тақтайшалар пайдаланылып, маркировка жасалған.