Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде
«Қауіпсіз балалық шақ» Республикалық жобасы аясында 10-сынып оқушыларымен профилактикалық жиналыс өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп директоры Н. Сариев оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Ділдабек тәрбие жұмысының маңыздылығына тоқталып, қаржылық сауаттылық пен жауапкершіліктің «дроп» сияқты заңсыз әрекеттердің алдын алудағы рөлін атап өтті.
Мектеп инспекторы К. Жаныкулов «дроп» ұғымын түсіндіріп, банк картасы мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға берудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Жиналыс оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталды.
{gallerythunder/foto/70f{/gallery}