Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде интернет алаяқтары, интернет арқылы адамдарды алдау, қаржы алу немесе жеке мәліметтерін ұрлау мақсатында жасалатын қылмыстар мақсатында жоғарғы сынып оқушылары мен қызметкерлерге «Интернет алаяқтарынан сақтану жолдары» мен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» (нашақорлық есірткіне қарсы алдын алу, алаяқтық, қауіпсіз терезе, көктемгі егіншілік науқаны, көлік басқару т. б) тақырыптарда мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарына Шардара Аудандык полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Оңалбай Бақберген Ерланұлы және Шардара Аудандык полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шынахан Елнұр.

Жалпы, алаяқтар түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы адамдарды өздеріне сендіреді немесе оларды алдап, ақша немесе жеке ақпарат алатынын, айталық олар фишинг (кредиттік карталар, банктік деректер немесе жеке ақпарат сұрату), жалған сайттар, әлеуметтік инженерия әдістерін, жалған жеңілдіктер, жұмыс орындары туралы хабарландырулар, немесе интернет-дүкендер арқылы адамдарды алдайтыны және алаяқтық түрлері:

1. Фишинг — интернет пайдаланушылардың жеке мәліметтерін алу үшін жалған веб-сайттар немесе электрондық пошта хабарламалары арқылы алдау. 2. Жалған онлайн дүкендер — тұтынушыларды алдап, тауардың бағасын төлеуге шақыру, бірақ өнімді жібермейді. 3. Қаржылық алаяқтықтар — түрлі инвестициялар, несие немесе несие карталары арқылы алаяқтар ақша тартады. 4. Жұмыс алаяқтықтары — жалған жұмыс ұсыныстарын жасап, адамдарды алдап, төлем немесе жеке мәліметтерді сұрайды.

Интернет алаяқтарының құрбаны болмау үшін: • Белгісіз сілтемелерге баспау; • Тек сенімді көздерден келген хабарламаларға жауап беру; • Өзінің қаржылық мәліметтерін тек ресми және қауіпсіз сайттарда ғана енгізу; • Антивирустық бағдарламаларды және брандмауэрді қолдану. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, тиісті органдарға хабарлап, құқық қорғау мекемелеріне, 102 арнасына хабарласу туралы түсіндірме жұмыстарын мен брашуралар таратып, видеороликтер көрсетіп, оқушыларымыз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.