Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Сынып сағаттары кезінде білім алушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру және зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.