Түркістан облысы, Шардара аудадық білім бөліміне қарасты
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепінде 2025 жылдың 10-шы қазан күні мектеп әкімшілігімен мектебіміздің "Қауіпсіз балалық шақ" жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы К.Жанықұлов ұйымдастырушы-педогог З.Тилеубердиева мектеп психологы Ж.Қалиева , мектеп әлеуметтік педагогы А.Эстемесова мектеп мербикесі М.Есходжаев қатысуымен"Қауіпсіз балалық шақ" жобасы бойынша 8 "А " сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді.«Қауіпсіз балалық шақ» бағдарламасының жобасының мақсаты
Қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру (мысалы: көшеде, интернетте, мектепте, үйде)
Психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру
Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру
Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс пен серіктестікті нығайту
Қауіп-қатер жағдайында дұрыс әрекет етуге үйрету (өрт, табиғи апаттар, бейтаныс адамдар, т.б.)
Мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, психолог пен медицина қызметкерлерінің бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз ету.балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, олардың қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау, құқықтық сауаттылығын арттыру және түрлі қауіп-қатерлерден (зорлық-зомбылық, буллинг, құқықбұзушылық, интернет-қауіптер және т.б.) сақтандыру.