Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің бейіндік және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспары бойынша 

2023 жылдың 19 сәуірі күні жоғарғы сынып оқушыларымен дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында "Шетелдегі діни білім алудың қауіптілігі" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге:

1.Аудан әкімінің орынбасары және ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев мырза

2.Аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы А.Данияров мырза

3.Аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Зейнедилова ханым

4.Қала әкімі аппаратының бас маманы Ж.Муталиев мырза

5.Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері М.Мырзабасов мырза

6.ДТІЖО А.Байқоңырова

7.Тарих пәнінің мұғалімі М.Тәттібеков

8.КББП Р.Сопбекова қатысты.

Іс-шарада жауапты мамандар түсіндірме жұмыстар жүргізіп теолог маманы сөз кезегінде Түркістан облысы Дін істер басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" дайындаған слайдқа тоқталып, рет - ретімен түсіндіріп өтті.

Алғашқы діни білімнің негізі жоқ, дәстүрлі құндылықтарымызды үйренбеген, медреседе оқып сауат ашпаған жастар үшін шетел асу қауіптілігі туралы сонымен қатар шетелде білім алудың пайдалы және қатерлі тұстарыңың бар екендігін, діни білім алуды жоспарлаған жастар мейлінше білімді отандық діни оқу орындарырда алған дұрыс деп айта кетті.

Дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни террормен экстремизмнің алдын алу. Жастар санасына және қоғамға іріткі салатын теріс пиғылдағы деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушыларға нақты түсіндіріп өтті. Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тұжырымды жауаптар алынды.