Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, Алғашқы қоңырауға арналған «Мектебім мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды.


Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Е.Акбердиев ашып, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталып, білім әлеміне қадам басқан 1-сынып оқушыларына сәттілік тіледі, жаңа оқу жылымен ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды құттықтады.


Жиынға ауданымыздың құрметті азаматшасы, аяулы ардагер ұстазымыз мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Зүлей Әлия Ізтілеуқызы, әкелер кеңесінің төрағасы Сахов Таңсықбай ағай мен ата-аналар комитетінің төрағсы Назарбеков Оразбай ағайлар қатысып, оқушыларды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бүгінгі ерекше жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.


Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Мектептің өнерпаз оқушылары ән шырқап, музыкалық сәлемін жолдады. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлей кетті.


Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.