Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөлімне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат ” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес “Әділдік пен жауапкершілік” құндылық негізінде 2025 жылдың 24 ші қараша күні «Суды, энергияны, тамақты үнемдеу – болашаққа жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатында оқушылар су, электр энергиясы, азық-түлік сияқты маңызды ресурстардың адам өміріндегі орны, олардың шектеулі әрі қымбат екендігі туралы ақпарат алды. Әлемде ресурс тапшылығы мен ысырапшылдықтың зияны жөнінде бейнематериалдар көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Бұл сынып сағаты оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға деген көзқарасын қалыптастыруға оң ықпал етті.