Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылы сәуір айының 24-28 аралығында бастауыш сыныптар апталығы болып өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдері өз іс-тәжірбиелерін ашық сабақ өткізу арқылы ортаға салды. 24 –сәуір күні 3 «Б» сынып мұғалімі Есқараева Сұлухан Еркебайқызы да өз шеберлігімен бөлісті. Әдебиеттік оқу пәнінен «Судыңда сұрауы бар.Нағыз адам» тақырыбына ашық сабағы талапқа сай өткізілді.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ,шығарманы дауыстап түсініп, мәнерлеп оқу

мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру,пікірдің дұрыстығына дәлел келтіру,шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя білуге және өзгелерден жауап алу мақсаттарына жеткізу,судыүнемдеу,шығармашылыққа баулу,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу болды.

Сабаққа директордың ғылыми жоба жөніндегі орынбасары Бердібекова.Г,директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдарова .Ж, музыка пәнінің мұғалімі Керімқұлова .К, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері Уалиханова.Ш, Наумова.М, Мусилова.Г ,Қадырбаева.А, Ораз.Б, Халима Укибаева, жас мамандар да қатысты.

Ұстазымызға алдағы уақытта да шығармашылық шабыт пен беделді белес тілейміз.