Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласына қарасты "Шардара" мектеп - лицейінде 24.01.2025 ж күні "STEM білім беру технологиясы арқылы биология сабақтарын оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Облыстық семинардың мақсаты: STEM білім беру технологиясы арқылы биология сабақтарында оқытудың ерекшеліктерін көрсете отырып, өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру. Семинарда мектебіміздің биология пәні мұғалімі Митанова М.Н." Білім алушылардың STEM білім беру технологиясын биология сабақтарында қолдануда мұғалімнің рөлі" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренинг сабағын көңілді көңіл - күймен бастап, қатысушыларға жылы сөз жазылған тәттілер үлестірілді. Жаңа технологияларды қолдана отырып, STEM технологиясы туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Одан әрі қарай "Шаңырақ" әдісін тиімді қолданып, уықтарға жазылған сандарға қарап, үш топқа бөліп алды. Топ тапсырмалары беріліп, қорғалды. Өмірге деген жақсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында "Ән терапиясы" орындалды." Көңілді шарлар" тренингі жүргізілді. Сабақ "Шаңырақ" әдісі арқылы пысықталды. Сабаққа кері байланыс "Сыйқырлы сандықша" әдісі арқылы алынды.Мектебіміздің биология пәні мұғалімі Митанова Мадинаға зор денсаулық тілей отырып,алдағы уақытта жұмыста шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз.