Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 20.12.2024ж. күні жоспарға сай бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз М.А.Наумова апайымыз «STEAM білім беру - оқытудың әмбебап құралы ретінде» тақырыбында Коучинг сабағын өткізді. Коучинг сабақ барысында қатысушыларға STEAM жобаларын қалай ұйымдастыру керек, оны сабақ процесінде қалай енгізу керектігі және білім алушылардың белсенділігін арттырудың жолдары көрсетілді. STEAM білімнің басты мақсаты - дәстүрлі білімге тән практикалық міндеттерді шешуден алшақтықты еңсеру және оқушыларға түсінікті оқу пәндер арасында байланыс орнату екенін және оның артықшылығы пәндер емес, тақырыптар бойынша интеграцияланған оқыту екенін атап өтті. Ұстаздар топ болып берілген тапсырмаларды орындай отырып, STEAM білім беру - мұғалімдер үшін оқытудың тиімді құралы, ал оқушылар үшін шығармашылық және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктері екенін ұғынды.
Коучинг сабағын өткізген ұстаздың кәсіби біліктілігі мен шеберлігі арқасында біз STEAM білім берудің маңыздылығы мен мүмкіндіктерін терең түсіндік. Ұстазымыздың бұл әдістемені оқу үдерісіне енгізу жолдары бойынша берген құнды кеңестері алдағы жұмысымызда үлкен көмек болатынына сенімдіміз.
Осындай пайдалы әрі мазмұнды коучинг сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз. Осындай әдістемелік шаралар ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып, оқушылардың білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.