Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында онкүндік іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар бойынша 29-қыркүйек күні ардагер ұстаздардың қатысуымен «Ұстаздың еңбегі сөнбес!» атты талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсірген. Көп жылдар бойы ақырын жүріп анық басып, ұстаз болумен бірге жастарды сабырлы, салиқалы мінездерімен тәрбиелеген мектебіміздің ардагер ұстаздары Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болған Шералиева Ирина Рашидовна мен Көркем еңбек пәні мұғалімі болып қызмет еткен Нарымбетова Гүлназ Сұлтанбекқызының қатысуларымен 10- сынып оқушыларының сынып жетекшісі А. Сайманова мен ұйымдастырушы педагог З.Тілеубердиеваның ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өтті.
Мақсаты оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Тағылымды кеште орамды ой, келісті пікірлер айтылды. Ұстаздық еткен өмір жолдарынан сыр шертіп, балаларға өнеге өсиетін айтты. Оқушылар да кері байланыс орнатып, көкейіндегі сұрақтарын қойып, мағыналы жауаптар алды. Өнерлі оқушылардың өнер көрсетті.
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта,
сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсау-лық, берекелі ұзақ ғұмыр тілейміз, айнала¬ңыз¬дағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!
Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!