Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында онкүндік іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар бойынша «Ұстаз ұлы тұлға!» тақырыбында бірнеше жылдар бойы жұмыс атқарып келе жатқан мұғалімдердің еңбегі, жетістігі туралы қысқа бейнеролик челленджін назарларыңызға ұсынамыз.
Ұстаз –ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім –тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып ,адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Сондықтанда ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшелінеді.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек.
Ендеше өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,шәкірттерінің жанына нұр құйып,өмірде өзі де бақытты болып,өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,жолы да бөлек .Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз шәкірттерінің мақтанышы ғана емес,бүкіл ел мақтанышы.
Құрметті ұстаздар сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құтықтаймыз!