Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ұстаздар күні аталып өтті

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 4 - қазан күні Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын ұғынып, еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұстазым менің, ұстазым» атты тақырыпта мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.

Мерекелік шараның бастауы ұстаздарымызды, құрмет - қошаметпен 11 - сынып оқушыларының қарсы алуымен, сынып жетекшілері А.Сайманова мен Қ.Мелдеевтің ұйымдастыруымен ерекше басталғаны ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде шығармашылық табыс тілейміз. Концерттік бағдарламаның тізгінін бітіруші түлектеріміз Алмеш Жансая мен Досмұхаммед Мәди қолға алып, керемет жүргізіп шықты. Өнерлі жас ұстаздарымыз бен оқушыларымыз әннен шашу шашып, би-билеп ұстаздарға ерекше көңіл - күй сыйлады.

Ұлағатты ұстаздар! Сіздердің шәкіттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы еңбектеріңіз жана берсін!

Педагог - ұйымдастырушы З.Тилеубердиева