Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы Білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде АББ 15.09.2023жылы √=229-01санды хаты бойынша.Мұғалімдер күні мерекесіне орай 5-қазан "Ұстаз ұлы тұлға! атты мерекелік іс-шарасы "Дублер күні" ұйымдастырылды.Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11сынып оқушылары өткізді.Мектеп парламент мүшелерінің қатысуымен Дублер күні жоғарғы сынып оқушылары мұғалім рөлінде болып,қиындығы мен қызығы мол мамандықтың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік алды.Таңертең мұғалімдерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен бітіруші сынып түлектері қарсы алып,мерекелерімен құттықтап,көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Оқушылар нағыз мұғалім рөлінде болып,сабақтарды жүргізудің маңызды екенін сезіне білді.Дублер күнінің соңында ұстаздарға арналған мерекелік концерттерін ұсынды.Ұстаздарға ұмытылмас күн сыйлаған.Дублерлер:Мектеп директоры: Абдуғаппар О(11А)Оқу ісінің меңгерушісі:Смайл А(11Ә)Мадихан А-география (10Ә)Алмеш Ж-қ тарих (10А) Орман Қ-орыс тілі (10А) Амандық Д-дене шынықтыру (10Ә)Шымбай Д-АӘД(10А) Дублер-ұстаздарымызға алғыс білдіреміз! Ұйымдастырған мектеп тәлімгері: Ауелбекова Нагима Куанышовна."Дублер күнінің"қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес қызықты деген ортақ ойға келді.