Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024жылдың 6-мамыр күні, мамыр айында өткізілетін атаулы және мерекелік іс-шаралар жоспары негізінде Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында «Соғыстың соңғы нүктесін қойған» тақырыбында танымдық кеш аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Соғыстың қасіретінен қаза болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға Ауған соғысы ардагері, отставкадағы майор Қ.Сәтбаев , Ауған соғысы ардагерлерінің жанынан ашылған әскери патриоттық клубының жетекшісі А.Шералиев, мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н. Балғаев ағаларымыз келіп, оқушылардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді, жастарға әскери борышты өтеудің маңыздылығы жайында өскелең ұрпаққа ақыл-кеңестерін берді.