Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Шардара ауданы білім бөліміне қарасты
Б.Соқпақбаев атындағы білім беретін мектеп" КММ
Құрметті ата - аналар! 2023 - 2024 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық - шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
Оқушыларды «Соңғы қоңырау» іс - шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата - анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын - сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата - аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
Бітіріп кеткен,яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің мерекелік іс - шараларға келуіне рұқсат жоқ екенін ескертеміз.
ҚҮРМЕТТІ
АТА - АНА
️Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей - жай қарамауыңызды өтінеміз.
️Сіздердің ұл - қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы - МІНДЕТ!
Б.Соқпақбаев атындағы білім беретін мектептің директоры Е.Акбердиев