Балалардың ғылым - зерттеу дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін ынталандыру және ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткізілген «Зерде» Республикалық конкурсының мектепішілік кезеңінен озып шыққан 7 «Б» сынып оқушысы Дүйсенбекұлы Амир аудандық кезеңде химия пән мұғалімі А.Аскарованың жетекшілігімен «Синтетикалық жуғыш затардың құрамы мен химиялық қасиеттері» тақырыбындағы жоба жұмысын нақты деректермен дәлелдерге сүйене отырып жасаған жұмыстары жүлделі орынға ие болып, 27 - қараша күні облыстық деңгейде өтетін конкурсқа жолдама алды.
Бұл жетістік - оқушының табандылығы мен жетекшінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Алдағы облыстық кезеңде сәттілік серіктеріңіз болсын. Оқушымызға білім мен ғылым жолында жарқын жеңістерге жетуіне тілектеспіз!