Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев мектебінде 2024 жылы 10 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Мектеп оқушы,ата-ана" тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.


Жиналыстың күн тәртібінде:
1. Мектеп ережесін сақтау;
2. Ұялы телефонға тыйым салу ;(ата-аналардың жауапкершілігіне жүктеу)
3.Көлік басқаруға, тойхана, кафелерде жұмыс жасауға, түнгі уақытта жүруге тыйым; (ата-аналардың жауапкершілігіне жүктеу)
Мектеп басшысы Е.Акбердиев сөзінде оқушылардың мектеп ережесін сақтауын, оны ата-ана үнемі қадағалау жасап отыруларын айтты. Мектептің ішкі-сыртқы жұмыс жоспарымен және мектепте оқушылар үшін жасалынып жатқан жақсы игі істермен таныстырып, айтып өтті.


Ата-аналар кеңесінің төрағасы: О.Назарбеков өз сөзінде ата-аналарға бала тәрбиесіне немқұрайдылық танытпауларын, ауызбіршілік пен ұйымшылдықпен жұмыс жасау керектігіне тоқталды.


ДТЖЖО: А.Байқоңырова өз сөзінде жиынға қатысқан ата-аналарды биылғы жаңа оқу жылдарымен құттықтап, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды. оқушылардың құқықбұзушылыққа жол бермеулерін,діни экстремизім сайттарына кіріп кетпеуін әрдайым ата-ананың назарында болу керек екендігін айтып өтті. Қазіргі таңда оқушылардың боянып келмеуі, мектеп формасының сақталуы ата - аналарға тікелей байланысты екендігін атап айтты. Алдында өсіп келе жатқан ұл-қыздарының тәрбиесіне жіті көңіл бөлулерін, олардың болашағы сіздердің қолдарыңызда.


Педагог-психолог: Н.Халмуратова ата-аналарға "Бала құқығы- басты құндылық" атты тақырыпта слайд көрсетіп түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға "Бала ата-ана көзімен" тақырыбында тренигін жүргізілді. 2024-2025 оқу жылына арналған ата-аналарға психологиялық-педагогикалық жеке сүйемелдеуді жүргізуге келісіммен таныстырып хабардар етті.


Мектеп әкелер кеңесі Т.Сахов жиналысқа қатысушы ата-аналарға" Тәрбие тал бесіктен" дей келе үнемі қатты көңіл бөліну керектігін баса айтты .


Жиын барысында ата-аналар оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон (смартфон) ұстауға қарсы екендіктерін білдіріп, бір ауыздан келісіп, қолдады.