Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 25 қыркүйек күні кәсіби бағдар беруші педагог Р.Сопбекова бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 10-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бейімділік сауалнамасын жүргізді.
Сауалнаманың мақсаты: Оқушылардың бойындағы болашақ мамандығына деген көзқарасын, бейімі мен қабілеттерін қалыптастыру, кәсіби өзін-өзі айқындау. Сауалнамаға
қатысқан 63 оқушының нәтижесінде орташа профессионалды бейімділік- 90% және әлсіз профессионалды бейімділік -10% көрсеткіш көрсетті.Оқушылардың бейімділіктері таңдап отырған мамандықтарына сай келетіндіктері анықталды.