Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы.Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Облыстық білім басқармасының 2025 жылғы 5 қыркүйектегі 03/10-541 хатына сәйкес әр аптаның сейсенбі күні бірінші сабақ алдында бір мезетте дене жаттығуын өткізу жоспарланған.
Осыған орай, 23 қыркүйек күні мектебімізде оқушылардың денсаулығын нығайту, оқу белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру мақсатында таңғы жаттығу ұйымдастырылды.
Оқушыларымыз белсенді қимыл-қозғалыс жасап, жаңа күнді сергек көңіл-күймен бастады.
Таңғы жаттығу — денсаулықты нығайтып қана қоймай, зейін мен ынтаны арттырады.
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау әрқашан басты назарда!