Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 2023 жылы 7 қараша күні Республикалық «Махамбет оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Бұл конкурсқа білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасынан 5 номинация бойынша аудан мектептерінен 62 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету мақсатында өткізілген байқау 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды.
1-номинация «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2- номинация «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу;
3- номинация «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;
4- номинация «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы;
5- номинация «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бағыты бойынша сайысқа түсті.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 2023 жылы 9 қараша күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!