Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жетекші мектеп бойынша құрылған іс-жоспарына сәйкес директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Г.Бердибекованың ұйымдастыруымен 29.01.2025ж. күні «Жасанды интеллект элементтерін оқу процесінде қолдану» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Оқу процесінде жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру және педагогтардың инновациялық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Семинарға №7 жалпы білім беретін бастауыш мектеп және Қ.Сағырбайұлы атындағы ЖББМ-і , Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ-нің ұстаздары қатысты.
Аталған іс-шара бағдарламасы бойынша биология пәнінен 9 «А»сыныбына М.Митанова «Митоз. Митоздың түрлері», алгебра пәнінен 11 «Ә»сыныбына Д.Медеубеков «Сан логарифмі және оның қасиеттері», қазақ тілі пәнінен 5 «Б» сыныбына Б.Бегманова «Менің атым Қожа» тақырыбында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақтар өтсе, технология пәні мұғалімі Е.Турсынбаев «Заманауи лазерлік станок түрлері мен қолдану әдістерін меңгерту» тақырыбында ұстаздармен коучинг өткізді.
Семинар барысында қатысушылар оқу процесінде жасанды интеллект элементтерін тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, жасанды интеллектке негізделген заманауи білім беру құралдары мен платформалары таныстырылды.
Семинар қорытындысы ретінде қатысушылар заманауи технологияларды білім беру саласына енгізудің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі өткізу қажеттігі айтылды.
Сабаққа қатысқан барлық ұстаздарды серіктестік жұмысын арттырып, жан-жақты іздену арқылы жұмыс жасауға шақырылды.