Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебіне 2024 жылдың 15 қаңтар күні Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінің өкілдері келіп, биылғы мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Кездесу барысында мамандар мектеп бітіруші түлектерді университет тарихы мен онда білім алушылар туралы дайындалған қысқаша бейнероликпен таныстырды. Сонымен қатар, университетте оқытылатын мамандықтар тізімімен және оқу орны тарапынан қарастырылатын жеңілдіктер жайында мәлімет берілді. Университетте әскери дайындықтың толық курсынан, оқу - жаттығу жиынынан өткен білім алушыларға ЖОО бітіргені туралы диплом берумен қатар, белгіленген тәртіпке сәйкес әскери шен берілетінін де қоса айтып өтті. Университетке түсіп, мемлекеттік грант иегері атану үшін шекті балл межесін айтып, оқушыларды Әлихан Бөкейхан университетіне оқуға түсуге шақырды. Оқушылар мамандарға сұрақтар қойып, тұжырымды жауаптарын алды.