Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім басқармасының 2024 жылғы 21 ақпандағы №25/1016 санды хатына сәйкес, Қ.Р.Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында 23 ақпан күні сейсмикалық жаттығу іс-шарасы өткізілді. Сейсможаттығу нәтижесінде оқушылар мен мұғалімдер және мектеп қызметкерлері өз орындарын тастап қауіпсіз орынға шығарылды. Мектеп медбикесі А.Рахимова алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын көрсетіп, құтқару топтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сейсмикалық жаттығудың мақсаты:
- Қажетті теориялық білімдер, практикалық іс - әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу;
- Оқушыларға «біз табиғаттың кішкене ғана бөлшегі» екенімізді айту, төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу;
- Жер сілкінісі қауіпі төнген немесе туындаған кездегі қызметкерлердің дайындығын тексеру, дағдыларын үйрету;
Іс - шара барысында АҚ штабы басшысы Л.Х.Оналбаева сөз алып, қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс - қимыл тәртібі туралы түсіндіріп, мұндай жаттығулар тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.