Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөлімінің 2024 жылғы жоспарына сәйкес, «Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ - де 2024 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 12.00 - 12.30 аралығында «Жер сілкінісіне», «Өрт қауіпсіздігі кезінде қызметкерлер мен білім алушылардың іс - қимылдары туралы» тақырыбы бойынша сейсможаттығу өткізілді. Сейсможаттығуға 420 оқушы, 60 мұғалім, 30 тех. қызметкерлер жұмылдырылды.
Сейсмикалық жаттығудың мақсаты:
- қажетті теориялық білімдер, практикалық іс - әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу;
- оқушыларға «Біз табиғаттың кішкене ғана бөлшегі» екенімізді айту, төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу;
- жер сілкінісі қауіпі төнген немесе тундаған кездегі қызметкерлердің дайындығын тексеру, дағдыларын үйрету;
Мұғалімдер, тех. қызметкерлер және оқушылар мектеп ғимаратынан - 4мин. 40 сек. уақытта қауіпсіз аймаққа шығарылды. Іс - шара барысында АК штабы басшысы Л.Х.Оналбаева сөз алып, қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс - қимыл тәртібі туралы түсіндіріп, мұндай жаттығулар тұрақты жүргізілетінін айтып өтті.
Сейсможаттығу кезінде оқушылыларға қауіп - қатер келген жок. Мектеп медбикесі А.Рахимова алғашқы медициналық көмек керсету жолдарын көрсетіп, құтқару топтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.