Түркістан облысы, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26.02.25-05.03.25ж аралықта "Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы" атты үйірме апталығы ұйымдастырылды. 2025 жылдың 26 ақпан күні "Өлкетану"үйірме жетекшісі Тургынбаева Айжан "Қазақтың салт-дәстүрлері" атты тақырыпта өтілді. Мақсатымыз ұлт болашағы қазіргі жастар екенін дәлелдеу, ата -бабаларымыз аманаттап кеткен көне бұйымдарымызды естен шығармай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Сондай ақ "Сенім психологиясы" үйірме жетекшісі Усупбаева Роза "Мен және менің отбасым" атты тақырыпта сабақ өтілді. Сабақ барысында түрлі ойындар, ситуациялық жағдаяттар ұйымдастырылды. Қазіргі заман талабына сай Нейросеть программасы бойынша оқушыларға сұрақ-жауап әдісі етіп пайдаланды. Сонымен қатар оқушылар "Нейродинамикалық" тренинг ойын арқылы психологиялық түрлі жаттығулар жасады. Сабақ көңілді өтті. 2025 жылдың 27 ақпан күні "Жас футболшы" үйірме жетекшісі Е. Акбаров "Ойыншылардың орналасуы арқылы шабуыл жасау" атты спорттық сайыс сабағы өтілді, "Жасыл клуб" үйірме жетекшісі А. Ахметова "Дәрумендер және оның пайдасымен маңызы" атты ашық сабақ барысында оқушылар топ бөлініп, түрлі жемістердің дәрумендерін пайдасын айтып өтті. 2025 жылдың 28 ақпан күні "Қол өнер" үйірме жетекшісі К. Сейдалиева " Фетр матамен түрлі бұйымдар" атты сабағында оқушылар өздерінің Фетр матадан гүлдер жасаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 2025 жылдың 4 наурыз күні "Даму психологиясы" үйірме жетекшісі Г. Еркинбаева "Есте сақтауға арналған тренингтер" ұйымдастырылды. Тренинг түрлі әдістермен өтілді. Апталық өз дәрежесінде өтілді. Алдағы уақытта әріптестерімізге сәттілік тілейміз.