Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025жылдың 20 қазан күні «Республикам Мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға туған жерін, Отанын сүюге, елінің жетістіктерімен мақтануға, патриоттық сезімін оятуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен танысып, еліміздің рәміздері мен тарихи тұлғалары туралы мәліметтер айтты. Сонымен қатар «Менің Отаным – Қазақстан» атты бейнеролик көрсетіліп, «Елімнің ертеңі – жастар» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.
Оқушылар Отан туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.