Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 13 сәуір күні "Таза өлке" апталығы бойынша мектеп ауласын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Ағаш көшеттерін отырғызуға білім бөлімінің басшысы Мусатаева Жанат Тұяқбайқызы, білім бөлімінің бас маманы Нұсқабаева Дариға Оразалиевна және мектебіміздің жоғары сынып оқушылары атсалысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, мақсатымыз қоршаған ортаны қорғауға, айналаны көгалдандырып, оқушыларды мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Ағаш егу - бұл атадан балаға мирас болған сауапты іс. Осыны түсінген оқушылар акция кезінде ерекше құлшыныспен еңбек етті. Балалардың тындырымды тірлігіне ұстаздар да тәнті болды. Акция кезінде мектепке елу шақты көшет ағаштары, гүлдер отырғызылды.