Түркістан облысы ,Шардара ауданы, Шардара қаласы Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 "А" сынып жетекшісі Г.Жуманазарова 22.10.25 ж күні 25 қазан Республика күніне орай "Республикам – менің Отаным!"тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
1.Оқушыларға Республика күні туралы түсінік беру;
2.Қазақстан Республикасының тарихы, рәміздері және тәуелсіздік ұғымы туралы білімдерін кеңейту;
3.Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін оятуға тәрбиелеу;
4.Ел бірлігін, тәуелсіздік құндылығын бағалауға үйрету;
5.Оқушылардың ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбие сағатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет арта түсті.