Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан Республика күніне орай, Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, оқушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту мақсатында “РЕСПУБЛИКАМ-МАҚТАНЫШЫМ!” атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындалуымен басталды. Іс-шараны мектеп директоры Н.Т.Сариев ашып, айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды ұлтжанды патриот болып өсіп, терең білімді игеріп, еліміздің экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат болуға шақырды.
Үздік оқушыларымыз еліміздің нағыз патриоты, еңбекқор білімге құштар, қайсар етіп тәрбиелеуде Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.
Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық әндер айтылып, би билеп, өлеңдер оқылды.
Салтанатты жиынға ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосты.
Республика күні құтты болсын! Біздің бірлігіміз бен татулығымыз-еліміздің мықты тірегі. Сіздерге шын жүректен бақыт, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін. Егемен Қазақстанның болашағы жарқын болсын!