Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Психологиялық қолдау бағытында ауқымды іс-шара өтті
Шардара ауданында Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің АКТ залында 13 қазан күні Түркістан облысы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен маңызды іс-шара өтті. Іс-шараны Шардара аудандық білім бөлімінің психолог-әдіскері Маметова Динара Зинабидинқызы ашып, келген қонақтармен таныстырып, жүргізіп отырды.
Психолог Кенжетаева Маулида Дүйсенова «Зорлық-зомбылыққа, киберқауіпсіздікке және бала құқықтарының бұзылуына ұшыраған немесе куә болған, сондай-ақ тәуекел тобындағы жасөспірімдермен топтық және жеке кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында кеңес берді.
Әдіскер Толенова Гүлмира Жанысбаевна «Қарым-қатынастағы қателіктер: Ата-ананың психологиялық қателіктерін болдырмау» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Психолог Шырынбекова Токжан Берденовна мен Ерғалиева Қамқа Ерғалиқызы «Мен балаға қандай үлгі боламын?» атты тренинг ұйымдастырды.
Психологиялық көмек – сыпайы және құпия!