Педагогтерге арналған вебинар
30 қыркүйек 2025 жыл
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Мектебімізде «Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды вебинар өтті.
Вебинарды мектебіміздің педагог-психологы Л.Калиева жүргізіп, сынып жетекшілерімен бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің зорлық-зомбылықтың түрлерін тану, алдын алу шараларын ұйымдастыру және оқушылармен қауіпсіз әрі сенімді қарым-қатынас орнату бойынша білімін арттыру.
Вебинар барысында қарастырылған негізгі тақырыптар:
Балалардың қауіпсіздік құқығы;
Зорлық-зомбылықтың психологиялық және әлеуметтік белгілері;
Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті;
Алдын алу және әрекет ету алгоритмдері.
Сынып жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты жағдайларға талдау жасап, тиімді шешу жолдарын қарастырды.
Баланың қауіпсіз ортасын қалыптастыру – әрбір педагогтің басты міндеті!