Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы
Лайла Қалиева 30 қараша күні 9 сынып оқушыларының мамандық типін анықтау мақсатында ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ САУАЛНАМА (Е.А.КЛИМОВ) алынды.
Әдістеме Е.А.Климовтің кәсіп түрлерінің классификациясына сәйкес әртүрлі мамандық түрлерін таңдауға арналған.
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың таңдаған мамандықтары төмендегіше.
51% оқушы - Адам-адам.Адамдар, топтар, ұжымдар еңбек объектісі болады. Бұған емдеу ісі, педиатрия, медициналық-профилактикалық іс, стоматология, шығыс медицинасы, мейіркештік іс,формация, тарих және география мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, музыка мұғалімі, педагог-психолог, заңгер, сатушы, тігінші, фотосуретші, кадрлар жөніндегі менеджер т.б. мамандықтар кіреді.
9,3 % оқушы - Адам-көркем бейне. Бұл адамдар еңбек объектісі көркемдік бейнелер жасау, олардың рөлі, элементтері мен ерекшеліктері. Бұған музыкатану, аспапта орындаушылық, режиссер, хореография, сценаграфия, композиция, операторлық өнер, кескіндеме, графика, мүсін өнері, өнертану, көркемдік өнер, дизайн, актерлік өнер, дирижерлау, эстрада өнері, зергер, суретші және т.б. мамандықтар кіреді.
20,9 % оқушы- Адам-белгілеу жүйесі. Олардың еңбек объектісі шартты белгілер, шифрлар, кодтар, кестелер. Бұған экономикалық теория, статистика,имаркетинг және коммерция, қаржы және несие, бухгалтерлік есеп және аудит, басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жұйелері,қаржы агенті, корректор, биржа агенті, кеден ісі және т.б. мамандықтар.
11,6 % оқушы- Адам-техника. Мұнда техникалық жүйелер,машиналар, аппараттар мен қондырғылар, материалдар мен энергия еңбек объектісі болады. Бұған байланыс желілері мен жалғау жүйелері, радиотехника, радиобайланыс, электромеханика, автоматика, телемеханика, металды қысыммен өңдеу т.б. мамандықтар кіреді.
7 % оқушы- Адам-табиғат.Мұнда тірі ағзалар, өсімдіктер, жануарлар мен биологиялық үрдістер еңбек объектісі болады. Бұған агрономия, жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығы, фермерлік іс, агроэкология, агрохимия және өсімдіктерді қарғау, балық тағамдары мен май технологиясы т.б. мамандықтар кіреді